
Экология
«Таза Қазақстан» тазалыққа бастайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» бастамасы елімізге жаңа серпін берді.
Бұл бағдарлама аясында елімізде бірқатар шара ұйымдастырылып, ауқымды жұмыстар жүргізіліп келеді.
Әр аймақта тұрғындармен қатар, еріктілер шығып аталмыш бағдарламаға қолдау көрсетуде. Мақат аудаын тарапынан да біз бұл бағадарламадан қапы қалмадық.
«Таза-көше», «Таза-аула» сынды тазалық байқауларына қатысып, ауылымызды көркейтуге өз үлесімізді қосып келеміз. Өйткені, экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы мұндай шаралар елдің даму деңгейіне өздігінше үлес әкелері сөзсіз.
М.ӘНЕСҰЛЫ,
Мақат аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы


