Жарнама
Экология

«Таза бейсенбі» акциясы жалғасуда

Атырау қаласында «AMANAT» партиясының «Таза бейсенбі» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті тазалық жұмыстары өтті. Іс-шараға «Жастар рухы» Жастар қанатының белсенділері мен жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері атсалысты.

– Акцияның мақсаты – жастарды қоршаған ортаны қорғауға шақыру, олардың экологиялық санасын арттыру және тазалыққа деген ортақ жауапкершілікті қалыптастыру. Экологиялық іс-шараға 40-қа жуық жас қатысты. Бұл – бір реттік емес, әр бейсенбі сайын тұрақты түрде өткізіліп тұратын акция, – деді «Жастар рухы» жастар қанаты Атырау облыстық филиалының төрағасы Абылай Құрметұлы.

Тоғжан ЕРМЕК
Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button