Табиғатты ластағаны үшін 190 млн теңге айыппұл арқалады!

1shtrafy 800x400 1 Экология

Атырау облысында 6 айда экологиялық заңнаманың талаптарын бұзған 131 жағдай анықталды.

Бұл туралы Атырау облысы Экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Сырым Тілегенов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

– Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын сақтау бойынша 57 тексеру жүргізді. Оның ішінде: 17 профилатикалық бақылау, 25 жоспардан тыс тексеру және 15 бақылаудың басқа нысаны. Департаментпен 190 млн теңгеге жуық 79 әкімшілік айыппұл салу туралы қаулы шығарылды. 80 млн теңгеге жуық сомада 63 айыппұл ерікті түрде өндіріліп алынды. Қалған материалдар қаралып жатыр, деді С.Тілегенов

Сондай-ақ, Экология департаменті тәртіп сақшыларымен бірігіп автокөліктерге рейдтік шара жүргізген. Нәтижесі бойынша 13 автокөліктің пайдаланылған газ сынамалары алынды. 9 автокөліктен шекті рұқсат етілген концентрация нормативтерінің асу фактісі анықталған. Автокөлік иелеріне полиция инспекторларымен ескерту түрінде әкімшілік шаралар қабылданды.

Атырау облысының әкімдігі ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп облыс аумағындағы өзекті экологиялық проблемаларды шешу мақсатында 2020-2024 жылдарға арналған «Жол картасының» 7 бағыты бойынша жұмыс жүргізуде:

1. Атмосфераға ластаушы заттар эмиссиясын қысқарту;
2. Көгалдандыру;
3. Қалдықтарды басқару саласы;
4. Су ресурстарын реттеу;
5. Автокөлік шығарындыларын реттеу;
6. Жер ресурстарын қорғау;
7. Экологиялық мәдениетті арттыру.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз