Мұнайлы шаһарға 5 мың тал егілмек

04a602cb 6a17 4a3c 8142 7b2413a5e39b Экология


Экологиялық ахуалы сын көтермейтін Атырау аймағын жасыл желекке орау – маңызды мәселелердің бірі.

Тал егуге жері сортаңдау, табиғаты қолайсыздау өңірді көгалдандыру оңай іс емес. Өйткені, тал отырғызғаннан кейін оны суару да – үлкен жұмыс. Соған қарамастан, шаһарда бұл мәселені шешу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Айталық, көгалдандыру шаралары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асады. Яғни, ағаш отырғызылғаннан кейін қараусыз қалмайды. Уақытында суарылып, күтіп-бапталады. Ол үшін қазынадан қомақты қаражат та бөлінген.

– Көгалдандыру жұмыстары үшін  бес жылға 4 млрд теңге бөлінді. Бұл жұмыстар жалғасын табады, -деді тұрғындар сұрағына жауап берген Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи

Айбөпе САБЫРОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз