Жарнама
Экология

 «Jer Eco Hub»: Атыраулық жастар экологияға арналған тың шешімдер ұсынды

Жақында Атырау қаласында жас экологтар мен белсенділер бас қосқан ерекше форматтағы шара – «Jer Eco Hub» жобасының екінші хакатоны өтті. Жоба экологиялық мәселелерді шешуге бағытталып, тың идеяларды қолдауға арналған.

img 5540
Screenshot

Хакатонға 55 қатысушыдан құралған 15команда қатысты. Олар – студенттер, жастарұйымдарының өкілдері, еріктілер мен түрлісаладағы мамандар. Барлығын біріктірген мақсат – өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға үлесқосу.

Шара аясында қатысушылар әлеуметтік жобаларды жоспарлау, гранттарға өтінім беру, қаржыны тиімді басқару секілді маңызды тақырыптар бойынша тренингтерге қатысты. Арнайы ұйымдастырылған интерактивті сессияларда Атырау облысындағы негізгі экологиялық мәселелер көтеріліп, қатысушылар өз идеяларын сарапшылар алдында қорғады.Жобаларды бағалаған комиссия құрамында«Жүректен Жүрекке» ҚҚ жетекшісі Гүлбарам Ермұханова, «Теңізшевройл» компаниясыныңжетекші экологы Эльмира Есқайыр, «Жайық-Каспий Орхус» орталығының үйлестірушісі Жансая Нәкімжан, эколог маман Гүлайым Телеубаева, Жастар мәслихатының депутаты Асухан Назымбеков, «Байтақ» жасылдар партиясының Атырау облыстық филиалының төрағасы Руслан Күмісқалиев болды.

img 5537
Screenshot

Хакатонның құрметті қонағы – Мексикадан келген эко-белсенді Лорена Санчес. Ол өз елінде жүзеге асырған экологиялық жобаларымен бөлісіп, азаматтық белсенділік пен табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.

Финалға өткен командалар екі ай бойы тәжірибелі менторлармен жұмыс істеп, өз жобаларын жүзеге асыруға дайындалды. Финалдық кезеңде үздік деп танылған үш команда 1 миллион теңгеден грант ұтып алып, өз бастамаларын іске асыру мүмкіндігіне ие болды. «Жыл сайын жастар тарапынан экологияға деген қызығушылық артып келе жатқаны қуантады. Бұрынғы финалистеріміздің жобалары – «ақылдыжылыжай», эко-комикстер мен қайта өңдеубастамалары – қазіргі қатысушыларға шабыт беріп, жаңа идеялардың тууына ықпал етіп жатыр. Біз әркомандаға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз», – дейді «Jer Eco Hub» жобасының үйлестірушісіАсылханым Ахмурова.

Айбөпе МҰРАТҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button