ГЕПАТИТТЕН САҚТАНА БІЛЕЙІК

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында облысымызда шілденің 28-і мен 28 тамыз аралығында «Бұл гепатит. Оны біл. Одан қорған» деген ұранмен вирусты гепатиттердің алдын алу акциясы өткізілуде.
Мамандардың айтуларына қарағанда, вирустық гепатиттер - халық денсаулығына нұқсан келтіретін қауіпті ауру. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша бұл сырқатқа үш адамның бірі душар болады екен. Соның ішінде «А», «В», «С» вирусты гепатиттер созылмалы ауруға әкеліп соғады. Ал, аурулардың алдын алу үшін жеке бастың тазалығына мән берілуі тиіс. Алайда, адамдар, әсіресе кейбір жастар «гепатит» дегеннің не екенін біле бермейді. Сондықтан, қауіп-қатер тобына кіретін үлкендер мен балалар үшін «А» гепатитіне қарсы егу жүргізіледі. Үлкендер мен жастар бұл ауруға қарсы егуді өз еріктерімен жасатады, ал, қауіп-қатер тобындағыларға міндетті түрде егілу талап етіледі. Осы вирусты гепатиттерден сақтану бағытында тұрғындар арасында ақпараттық түсіндіру шаралары жүргізілуі тиіс.
Есте болатын жағдай, вакцинаны балаларға екі жастан бастап еккен дұрыс. Екпені вакцинациялау орталықтарында, емханаларда алуға болады. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен арнайы қаржы бөлініп, 2 жас пен 4 жас аралығындағы балалар тегін екпе алуда.

Мамандардың пікірінше, вирусты гепатит кең тараған және қауіпті ауру болғандықтан, оны емдегеннен гөрі алдын алған жөн көрінеді.

Ғайнолла ЗИНУЛЛИН.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз