
Атыраулықтар Жайық жағасын тазартты
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Атырау облысы бойынша Экология департаменті «Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясымен бірлесіп, әзербайжан ұлт өкілдері және “GPC Investment” ЖШС қызметкерлерінің қатысуымен «Таза жағалау» атты экологиялық іс-шара өткізді.

Акция «Атырау» шағынауданындағы Жайық өзені жағасында өтті.
– Бүгінгі акцияның негізгі мақсаты – өзен жағалауын тазалау, санитарлық тәртіпті қамтамасыз ету және экологиялық мәдениетті арттыру. Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Осындай іс-шаралар арқылы әр азамат туған жердің тазалығына өз үлесін қоса алады, – деді Атырау облысы бойынша Экология департаментінің басшысы Асқар Жүсіпов.

Қатысушылар өзен жағасын қоқыстан тазартып, ағаш отырғызды.
Сондай-ақ бүгін аудандарда тазалық және ағаш егу акциялары өтті. Облыс бойынша ұйымдастырылған экологиялық іс-шараларға жалпы 1500 адам қатысып, шамамен 15 тонна қоқыс жиналды және 4070 ағаш отырғызылды. Барлық жиналған қоқыс арнайы полигондарға жеткізілді.
Тоғжан ЕРМЕК


