Атырауда қырылған балыққа қатысты тағы бір видео тарады

220429113240374e Экология

«Әлеуметтік желіде балықтардың жаппай қырылғаны туралы бейнеролик тарап жатыр.

Қазір  арнайы комиссия құрылып, ол оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Комиссияның құрамында облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы және орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының өкілдері және басқалары бар. Балықтың жаппай қырылуы шамамен Махамбет ауданындағы су айдынындарының бірінде болды деген болжам бар. Тексеру нәтижелері туралы қосымша хабарлаймыз» деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз