Жарнама
Экология

Атырауда Каспий экожүйесін сақтау мәселелері талқылануда

Бүгін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Каспий маңы елдері университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтары қауымдастығының XXVII Бас ассамблеясы өтті. Биылғы жиын «Каспий экожүйесі: ғылым мен білім интеграциясы» тақырыбына арналды. Іс-шара Каспий аймағындағы экологиялық ахуалды жақсарту, ғылыми ынтымақтастықты дамыту және жоғары білім беру жүйесіндегі интеграциялық үдерістерді күшейтуге бағытталды.

Пленарлық отырысқа облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Қамқоршылық кеңесінің төрағасы, филология ғылымдарының докторы, профессор Бейбіт Мамраев, сондай-ақ Каспий маңы елдерінің жоғары оқу орындарының ректорлары мен халықаралық сарапшылар қатысты.

Жиында Каспий теңізінің экожүйесін сақтау, аймақтық ғылыми-зерттеу ынтымақтастығын нығайту, білім мен ғылымның өзара ықпалдастығын арттыру мәселелері талқыланды. Спикерлер Каспий өңірінде экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етудің жаңа ғылыми тәсілдерін ұсынып, өңірлік жоғары оқу орындары арасында бірлескен жобалар мен академиялық бағдарламаларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

Еркеназ ҚАЛИЖАН,

суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button