Атырауда ауа сапасы қалай тексеріледі?

img 20230112 wa0043 1674473505 Экология

Жуырда облыстық экология департаменті әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында «Пинта» мейрамханасы тұсында Жайық өзенінің жағалауы ластанғаны жөнінде бейнежазба жарияланғанын анықтады.

Осы ақпаратқа сәйкес, биыл 5 қаңтар күні департаменттің зертханалықталдамалы бақылау бөлімінің мамандары Жайық өзеніндегі судың құрамынан сутекті көрсеткіш, нитраттар, нитриттер, жалпы темір, сульфаттар, мұнай өнімдері, аммоний азоты, хлорид, өлшенді заттар, құрғақ қалдықтар ластаушы затына зертханалық талдау жүргізген еді. Соның нәтижесінде судың құрамынан ластаушы заттардың мөлшері анықталмады. Атырау қаласының атмосфералық ауа сапасы жоспарлы және жоспардан тыс тексеріліп тұрады.

– Ең алдымен облыстық экология департаментінің зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің мамандары «Ганк 4» газталдағышымен өлшем жұмыстарын жүргізеді. Өлшем бензол, метан, көмірсутектер, көміртек оксиді, азот оксиді, азот диоксиді, формальдегид, күкірт диоксиді, күкіртсутек қоспалары бойынша жүргізіледі, – дейді зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің бас маманы Индира Жайлашева.

Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 тамыздағы бұйрығымен «Қалалық және ауылдық елді мекендердегі, өнеркәсіптік ұйымдар аумақт арындағы атмосфералық ауаның гигиеналық нормативтері» қабылданған. Осы бұйрықта рұқсат етілген шекті шоғырлану (ПДК) шамасы бекітілген. Ауада зиянды заттардың осы шамадан асу фактісі анықталған жағдайда, жинақталған құжаттар облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне (СЭБ) жолданып, ауаға мониторинг жұмыстары жүргізіледі.

«Қазгидромет» РМК Атырау филиалының деректеріне сәйкес, өткен жылы Атырау қаласы мен Мақат ауданында орналасқан автоматтандырылған станциялары бойынша ауаның күкіртсутегімен ластануының 167 жағдайы тіркелді. Ал, экстремалды жоғары ластану дерегі тіркелген жоқ.

Аталған фактілер бойынша гигиеналық нормативтерді бұзуға жол берген табиғат пайдаланушыларға қатысты заңмен көзделген шаралар алу үшін облыстық СЭБ департаментіне тиісті құжаттар жолданды. Сондай – ақ, ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексінің 36-бабының 1-тармағына сай, халықтың санитариялық эпидемиологиялық салам аттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектілерінің ҚР денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын, оның ішінде халықтың санитариялық эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді бұзушылықтарының алдын алуға, анықтауға, олардың жолын кесуге және жоюға бағытталған. Ал, Кодекстің 94-бабының 2-тармағына сәйкес санитариялық қағидалар, гигиеналық нормативтер, техникалық регламенттер, Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларға қойылатын бірыңғай санитариялық эпидемиологиялық және гигиеналық талаптары , нұсқаулықтар, әдістемелік ұсынымдар, әдістемелік нұсқаулар, әдістемелер, бұйрықтар, қағидалар мен стандарттар санитариялықэпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттары болып табылады.

– Мемлекеттік санитариялықэпидемиологиялық бақылау және қадағалау объектісі болып табылатын ауадағы рұқсат етілген шекті шоғырлану (ПДК) гигиеналық нормативтерiнің сақталуына және оған қатысты заңнамалардың орындалуына бақылау және қадағалау жүргізу санитариялықэпидемиологиялық бақылау және қадағалау саласындағы қызметтерді уәкілетті органдар жүзеге асырады, – дейді И.Жайлашева.

Амандық АБДОЛОВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз