Жарнама
Экология

«ЭкоАманат»: Атыраулық отбасылар табиғатқа жанашырлық танытты

Республика күні қарсаңында Атырау қаласында экологиялық сананы қалыптастыруға және отбасылық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған ерекше экологиялық акция өтті.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қолдауымен, «GPC Investment» ЖШС-нің демеушілігімен қолға алынған бұл іс-шара №44 мектеп-гимназиясының ұйымдастырылды. «ЭкоАманат – болашақ ұрпаққа табиғатты аманат ету» ұранымен қолға алынған акцияға 100-ден астам ата-ана мен оқушы қатысып, қоршаған ортаға жанашырлық танытты.

Жиын барысында қатысушылар мектеп ауласына 50 түп ағаш отырғызды. Мұндай игі бастама табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастырумен қатар, отбасылық бірлікті нығайтып, балалардың бойында табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыруды мақсат етті.

–Ағаш – өмірдің символы. Оны отырғызу – болашаққа үміт егу. Бүгін отырғызылған әрбір тал – келешек ұрпаққа жасалған экологиялық аманат, – дейді аталған мектептің директоры Абай Ақмурзиев.

Экологиялық бағыттағы осындай отбасылық акциялар қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүруге, табиғатты аялауға және өскелең ұрпақты экологиялық жауапкершілікке тәрбиелеуге зор үлес қосады.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button