Жарнама
Экономика

Жоғары табыс – жоғары салық: 2026 жылдан жаңа тәртіп күшіне енеді

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жеке табыс салығының (ЖТС) прогрессивті шкаласы енгізіледі. Енді азаматтардың төлейтін салығы олардың табыс көлеміне байланысты есептелмек.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, айлық табысы 3 миллион теңгеден аспайтын жеке тұлғалар бұрынғыдай 10% мөлшерлеме бойынша салық төлейді.
Ал ай сайын 3 миллион теңгеден жоғары табыс табатындар үшін салық мөлшерлемесі 15% деңгейінде белгіленеді.

Комитет өкілі Айгүл Аббасованың айтуынша, жаңа норма жалпыға бірдей салық режимін қолданбайтын жеке тұлғаларға қатысты болмақ.
2026 жылы жылдық табысы 8500 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК), яғни шамамен 36 миллион теңгеден асатын азаматтар жоғары мөлшерлеме бойынша салық төлейді.

Сондай-ақ бірнеше жерде жұмыс істейтін немесе шетелден табыс табатын азаматтар өз табыстарының жылдық жиынтық көлемін есептеуі тиіс.
Салық есептеу кезінде жеке тұлғаның таза табысы емес, салық жеңілдіктері шегерілген табыс мөлшері ескерілетін болады.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button