ЖОБАЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ ҚАНДАЙ?

Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша елімізде құны 750 млрд.теңгені қамтитын 130 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Былтыр 281 жоба жүзеге асты. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Әсет Исекешовтың төрағалығымен өткен жиында белгілі болды. Оған аймақ басшысының бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев онлайн режимде қатысты.

 

Айта кетелік, ағымдағы айда Үкімет басшысының қатысуымен жиын өткізіліп, онда үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясындағы жобалардың тиімділігі талқыға түспек. «Жиналыста нақты мәліметтер ұсынуымыз қажет. Металлургия өнімдерінің экспорты, еңбек өнімділігі және тағы да басқа келелі мәселелер қозғалатын болады», – деді Ә.Исекешов.

Үкімет  үйіндегі жиында мұнайлы өлкедегі технопарк жайы да қозғалды. 285 гектар аумақты алатын технопарктің үстіміздегі жылдың екінші жартыжылдығында техникалық экономикалық негіздемесі аяқталуы тиіс. Ал, Қашаған жобасы бойынша инфрақұрылым жүргізудің 49 пайызын «Самұрық-Қазына» бөлетіні белгілі болды.

Сондай-ақ, жиында қазақ-түрік индустриалды зоналарын ашу жайы айтылды. Жиыннан кейін облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Ислямұлы жобалар бойынша алдын-ала болжамдар мен техникалық экономикалық негіздемені уақытында дайындауға тапсырма берді.

А.МҰРАТҚЫЗЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз