ЖАҢА БАСШЫНЫ ТАНЫСТЫРДЫ

Бұған дейін газетімізде хабарланғанындай, облыс әкімінің өкімімен жаңадан құрылған Атырау облысы бойынша Ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып Нұролла Ғабдыжанұлы Сәтеновтің тағайындалғандығы белгілі.

Сейсенбіде облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев жаңа құрылымның басшысын ұжымына таныстырды. Еңбек жолын Исатай ауданының шаруашылықтарында санитарлық малдәрігерлігінен бастаған Нұролла Ғабдыжанұлы кейіннен осында емдеу-санитарлық бекетінің меңгерушісі, Махамбет, Мақат аудандарындағы малдәрігерлік стансаларында мал дәрігері болып істеді. Одан кейін де аймақтың жергілікті атқарушы билік құрылымдарында, мемлекеттік органдар мен мекемелерде көптеген жауапты қызметтерді атқарды. Соның ішінде 2007-2014 жылдар аралығында облыстың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Атырау облыстық аумақтық инспекциясында бөлім бастығы лауазымдарында болды. Осы жылдың мамыр айында Ветеринария басқармасының басшысы болып тағайындалды. Қай қызметте де үлкен жауапкершілік пен ұйымдастырушылық қабілетін, кәсіби біліктілігі мен іскерлігін танытты.
Нұролла Ғабдыжанұлы туралы осыны айтқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Ислямұлы жаңадан құрылып жатқан құрылым ұжымына да, оның жаңа басшысына да жүктелер міндеттің мол екендігін айтты.

Дәулетқали АРУЕВ.
Суретті түсірген
Самат ҚАЙЫРЖАНОВ.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз