Үй сатып алу үшін қанша ақша жинау қажет?

2018021911535389940 0000 Жаңалықтар

Қазақстанда аумағы 40 шаршы метр болатын бір бөлмелі пәтер сатып алу үшін 63,5 орташа айлық номиналды жалақы немесе 367,5 минималды табыс жинау керек.

2018021911535389940_0000

Екінші деңгейлі нарықтағы үйді сатып алу үшін 45,2 орташа немесе 261,5 минималды табыс қажет. Орал және Павлодар қаласының тұрғындары үйге бәрінен тез ақша жинай алады. Олар 3,4 жылда бір орташа номиналды жалақысын жинап отырса болғаны. Екінші деңгейлі үйді атыраулықтар оңай әрі жылдам сатып ала алады – 36,4 жалақы немесе үш жыл.

Бәрінен ұзақ бір бөлмелі үйге ақшаны Шымкент қаласының тұрғындары жинайды – тоғыз жыл. Бұл аталған аймақта салыстырмалы түрде табыс мөлшерінің аздығымен байланысты. Ал екінші деңгейлі үйге Алматы және Петропавл қалаларының тұрғындары бәрінен ұзақ ақша жинайды.

Сондай-ақ, елімізде Астана және Алматы қалаларында пәтер бағасы айтарлықтай қымбат. Әсіресе, оңтүстік астанада екінші дәрежелі үй бағасы қымбат. Жамбыл облысынан аумағы 40 шаршы метр болатын пәтерді 5,4 млн теңгеге, Ақмола облысынан 5,9 млн теңгеге сатып алуға болады.

Дереккөз: baq.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз