ТИМУР ҚҰЛЫБАЕВ: ОТАНДЫҚ БИЗНЕСКЕ САУДА САЛАСЫНДА ПАНДЕМИЯ ҮДЕТЕ ТҮСКЕН ТРЕНДТЕР ҚАРҚЫНЫНА ҮЛГЕРУ ҚАЖЕТ

«БИЗНЕСМЕН» Экономика

Atr.kz/8 қазан, 2020 жыл. Пандемияның әсері, сауда секторының онлайнға күрт ауысуға дайындығы, көтерме-тарату орталықтары, логистика мәселелері – осы кешенді мәселелер  ҰКП Сауда комитетінің отырысында талқыланды. Іс-шараға «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев және Комитет төрағасы Қайрат Мәжібаев қатысты.

Комитет басшысы Қайрат Мәжібаев кәсіпкерлер арасында сауда саласындағы айналым секторы 11%-ға төмендегенін, сауда саласы анағұрлым дамыған жекелеген өңірлерде (Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент) экономиканың құлдырауы 20%-дан асқанын атап өтті. Осы ретте «үй жанындағы дүкендер» мен гипермаркеттердің  сатылымдар көлемі өскен. Мейрамханалар мен кафедердегі кіріс 70-90%-ға түскен.

«Комитет мүшелері, нарық қатысушылары, қауымдастықтармен ауқымды жұмыс жүргіздік. Карантиндік шектеулер несиелерге қызмет көрсету, қызметкерлерді босатуда айтарлықтай өзгерістер әкелді. Сауда саласында 1,5 млн адам жұмыс істейді, бұл сала әлеуметтік тұрғыда осал болып отыр. Сондықтан осы салада реттеу құралдары да сараланып қолданылуы керек, өйткені ондағы қатысушылардың басым бөлігі шағын және микро бизнестің өкілдері», – деді «Атамекен» Сауда комитетінің төрағасы Қайрат Мәжібаев.

Спикерлер шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауда рационалдылықты атап өтті: халыққа әлеуметтік төлемдер жасалып, анағұрлым зардап шеккен салаларда несиелік және салықтық жеңілдіктер берілуі. Осы құралдар арқылы қиын жағдайды айтарлықтай «жұмсартуға» мүмкіндік жасалды.

«Онлайн-сатылымдардың әсерін байқап отырмыз, олар 25%-ға өсуі мүмкін. Өкінішке қарай, интернеттің қарқынына ілесе алмай жатырмыз. Біздегі интернет алаңдар, жеткізу, қоймалар және жарнама 80%-ға рейсейлік немесе халықаралық көздер. Осы ретте бізге ішкі әлеуетті өсіріп, кәсіпкерлерді қалай шоғырландыру қажеттігін байқап, отандық алаңдарды өсіру үшін жеңілдікті кезеңді ойластыру қажет», – деді салалық комитеттің төрағасы.

Сонымен қатар Қайрат Мәжібаев ЕАЭО кеңістігінде сауданы реттеудегі айырмашылық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерді ойыншыларына қосымша басымдық беріп жатқанын атап өтті. ҰКП басшысы аталған мәселелер егжей-тегжейлі зерделеніп, аталған ұйымның жиыны деңгейінде шешілуі қажеттігін атап өтті.

Тимур Құлыбаев кеденнен бастап сақтау қоймалары, логистикаға дейін инфрақұраламды дамыту қажеттілігін айтып, отандық электронды алаңдар үлесін арттыру идеясын қолдады. Спикер салалық комитет төрағасынан реттеу саясатын қоса алғанда қажетті қолдау шаралары бойынша ұсыныстар дайындауды сұрады.

Кездесу соңында ҰКП басшысы салалық комитет пен басқармаға бірқатар нақты тапсырмалар берді.

«Комитеттің сала үшін маңызды құжаттарды: сауда қызметін реттеу туралы жаңа заң және 2025 жылға дейін сауда саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге белсенді қатысқаны маңызды. Көтерме-тарату орталықтары жүйесін дамыту мәселесінде мемлекеттік шамадан тыс қатысуы болмауы тиіс. Біздің ұстанымымыз – жеке бизнес басқаруға өзі белсенді қатысуы керек. Өз тарапымыздан біз өткізу кооперациясын жолға қоюға көмектесеміз», – деп қорытындылады кездесуді «Атамекен» Ұлттық палатасының басшысы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған