ТЕҢГЕ ТАРИХЫНАН СЫР

Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайында төл теңгеміздің айналымға енгеніне 20 жыл толуына орай «Тәуелсіздік символы - ұлттық теңге» атты экспозициялық көрме ашылды. Тәуелсіздігіміздің символы саналатын ұлттық теңгеміздің тарихын дәріптеу, жас өскіндерді отансүйгіштікке тәрбиелеуді мақсат тұтқан шараға Балықшы кентіндегі Абай атындағы орта мектеп оқушылары, мектептен тыс жұмыс орталығының шәкірттері мен олардың ұстаздары қатысты.

ҚР Ұлттық Банкі Атырау филиалының қызметкері Ғазиза Тарихова теңге жайлы кең мағлұмат берді.
– Ұлттық Банкінің осынау ескерткіш монеталары маңызды тарихи жәдігер болып табылады. Бұл монеталар еліміздің саяси-экономикалық тарихын, оның материалдық және рухани мәдениетін айқындайды, – деді өз сөзінде мұражайдың ғылыми қызметкері Айгүл Рамазанова.

Лиза СЕЙТІМОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз