Шоқпартоғайда – қуанышты жаңалық!

306843371 5525553864164824 2693745456517308745 n Экономика

Шоқпартоғай ауылында 5 әлеуметтік нысан пайдалануға берілді.

Игі бастама “Қоғамдық кеңістіктер” жобасы аясында іске асты, деп хабарлайды Жылыой аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі.

5 әлеуметтік нысанның екеуі балдырғандар үшін салынды. Арнайы жасақталған алаңда бір уақытта 500-дей ауыл баласы асыр салып ойнай алады. Бұл ретте салауатты өмір салтын ұстанатын тұрғындар да назардан тыс қалмады. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында “Шынықсаң, шымыр боласың” атты спорт алаңы ашылды. 28 шаршы метр жерге соңғы үлгідегі конструкция орналастырылған.

306580014 5525553867498157 8709913406012055507 n

Жаңартылған Жеңіс саябағы да ауылдың шырайын ашып тұр. Саябақта соғыстан оралмаған 182 майдангердің аты-жөні 8 мемориалдық тақтаға қайта жазылды.

Шоқпартоғай ауылында 3000-нан астам тұрғын бар. Бұл ауыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өткізілген республикалық «Үздік 30 ауыл» жобасында үздіктер қатарынан көрінген.

306750480 5525553860831491 8751560103289348589 n
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз