Шалғайға жарық келді

Bez nazvaniya 1 Экономика

Құрманғазы ауданының Сүйіндік, Мақаш және Теңіз ауылдық округі аумақтарында орналасқан төрт шаруа қожалығы бизнесті дамытуда жаңа технологияны пайдаланып отыр.

Без-названия-1

Бұған дейін электр қуаты болмағандықтан, жанармаймен жұмыс жасайтын құрылғы қолданып, көп шығынмен жарықты пайдаланып келген шалғайдағы  шаруагерлер бұл жаңалыққа  дән риза.

Күн сәулесі арқылы қуат беретін батарейкалар кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту үшін жергілікті  бюджеттен бөлінген 11,8 млн. теңге қаржыға сатып алынған болатын.

Г. ҚҰМАРОВА.

                                                                                                          Құрманғазы ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз