Жарнама
Экономика

Сапа мен сенім – басты талап

Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың әрекетсіздігі салдарынан елдегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы ондаған жылдар бойы назардан тыс қалып, оның жағдайы мүшкіл күйге түскені шындық. Бүгінде бұл ахуалды өзгерту үшін нақты шаралар қабылданып жатыр. Тарифтерді ырықтандыру, энергетика мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы инфрақұрылымын басқарудың жаңа моделін қалыптастыру жүйесінде тарифтің өсуі халыққа сенімді әрі сапалы қызмет көрсетумен қатар жүруі қажет.

Осы орайда мен қоғамдық мониторингтің маңызын ерекше атап өткім келеді. Инвестициялық бағдарламаны іске асыру барысында біз нысандарды визуалды тексеріп, олардың нақты жағдайын бағалаймыз. Сонымен қатар, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігінің төмендеуіне қатысты көрсеткіштерді талдаған жөн. Барлық құжаттар толық ұсынылуы тиіс, өйткені бұл ақпарат депутаттар, партия өкілдері мен тұрғындар үшін өте қажет.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаменті тарапынан барлық қажетті құжаттар мен мәліметтердің ұсынылатынына сенемін. Қоғамдық бақылауда халыққа түсінікті әрі нақты ақпарат берілуі тиіс. Себебі тарифтің өсуі тек сенімді және сапалы қызмет көрсетілген жағдайда ғана ақталады. Сондықтан ашықтық пен қоғамдық бақылау – біздің басты талабымыз. Бұл мәселеге халыққа Жолдауында Мемлекет басшысы да айрықша назар аударғанын қаперден шығармаған жөн.

Балжан ДОСМҰХАМБЕТОВА,

Қазақстан Халық партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button