Жарнама
Экономика

Қазақстанда банктер саны артуы мүмкін

Елімізде банк секторының дамуына жаңа серпін беретін «Банктер туралы» жаңа заң әзірленіп жатыр. Құжат қабылданған жағдайда, Қазақстанда банктер саны артуы мүмкін.

Жаңа заң жобасы банк жүйесіндегі бәсекелестікті арттыруды және лицензиялау тәртібін жеңілдетуді көздейді.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатовтың айтуынша, жаңа тәсіл шағын және орта банктердің нарыққа кіруіне мүмкіндік береді.

“Базалық және әмбебап лицензиялауды енгізу арқылы шағын және орта банктердің нарыққа шығуына жол ашылады. Бұл өз кезегінде бәсекені күшейтіп, банк өнімдерінің қолжетімділігін арттырады”, — деді ол.

Жаңа заң жобасында бірқатар жаңашылдықтар да қарастырылған: Төлем қабілеті жоқ банктерге мемлекеттік көмек қысқарады – шығынды акционерлер өздері өтейді. Ислам банкингі бөлімшелері көбееді, азаматтар шариғат қағидаларына сай қаржы өнімдерін пайдалана алады. Тұтынушылар құқығын қорғау тетіктері күшейеді.

Қаржы нарығын реттеу агенттігінің дерегінше, бүгінде 4 банк мемлекетке 1,3 трлн теңге қарыз.

2024 жылы банктер жалпы 22,3 трлн теңге несие рәсімдеген, оның 13,8 трлн. теңгесі тұтынушылық қарызға тиесілі.

Жаңа заң жобасы биылғы жылдың соңына дейін қабылдануы жоспарланып отыр.

Қуандық ШӘКІРОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button