Жарнама
Экономика

Қазақстан тұрмыстық химия экспортын екі есеге арттырды

Қазақстан тұрмыстық химия өнімдерінің экспортын арттырды, — деп хабарлайды LS.

2025 жылдың қаңтар–шілде айлары аралығында елімізден 9,4 мың тонна шампунь, бальзам, тоник, лак және шаш күтіміне арналған өзге де тауарлар экспортталды. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2,2 есе жоғары. Ақшалай мәнде экспорт көлемі 56,1 млн долларды құрады.

Ресей қазақстандық тұрмыстық химия өнімдерін 8 есе көп сатып алып, 2,8 мың тоннаға жетті.

Сондай-ақ:

  • Өзбекстанға экспорт көлемі 1,7 есе артып, 2,3 мың тоннаны құрады;
  • Беларуське – үш есе өсіп, 1,1 мың тонна;
  • Әзербайжанға – 688,4 тонна (+30,3%);
  • Тәжікстанға – 636,5 тонна (+42,6%);
  • Қырғызстанға – 637 тонна (+28%) өнім жөнелтілді.

Бұған қоса, Қазақстан Грузия, Армения, Түрікменстан және Моңғолияға да шаш күтіміне арналған өнімдерді көбірек экспорттай бастады.

Сабын мен душқа арналған гельдердің сатылымы да айтарлықтай өсті — 9,7 мың тонна, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп.

Басты сатып алушылар:

  • Өзбекстан – 6,4 мың тонна (+35,3%);
  • Ресей – 1,8 мың тонна (+5,5 есе);
  • Қырғызстан – 1,1 мың тонна (+2,9 есе).

Ал Тәжікстанға жеткізу көлемі 3 есе азайып, 237,2 тонна,

Ауғанстанға – 1,9 есе азайып, 43 тонна болды.

Жуу және тазалау құралдарының экспорты 3,2%-ға өсіп, 12,3 мың тоннаға жетті. Бұл өнімдер Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан және Грузияға экспортталды.

Импорт та артты

Қазақстанға да тұрмыстық химия өнімдері көбірек әкелінуде.

Елге 32,5 мың тонна шаш күтіміне арналған өнім импортталды (+34,5%).

Негізгі жеткізушілер:

  • Ресей – 17,5 мың тонна (+47,4%);
  • Румыния – 3,7 мың тонна (+7,6%);
  • Италия – 1,5 мың тонна (+24,8%);
  • Франция – 1,3 мың тонна (+32,4%);
  • Оңтүстік Корея – 973,8 тонна (+39,8%);
  • БАӘ – 914,8 тонна (+1,5 есе);
  • Қытай – 904 тонна (-5,8%);
  • Словения – 399 тонна (+1,8 есе).

Жуу және тазалау құралдары бойынша импорт 21,7%-ға өсіп, 138,4 мың тоннаға жетті.

Бұл өнімдер Ресей, Түрікменстан, Қытай, Түркия, Иран, Польша, АҚШ және Бельгиядан әкелінді.

Ал сабын мен душқа арналған гельдер импорты, керісінше, 2%-ға төмендеп, 33,7 мың тоннаны құрады.

Олардың басым бөлігі:

  • Ресейден – 21,9 мың тонна (-10,6%),
  • Қытайдан – 3 мың тонна (+1,5 есе),
  • Түркиядан – 1,6 мың тонна (+10,9%) жеткізілді.

Сондай-ақ өнім Индонезия, Өзбекстан, Польша, Малайзия және Ираннан импортталған.

Сурет: Ашық дереккөз

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button