Жарнама
Экономика

Қаржыгерлерге құрмет көрсетілді

Биыл ұлттық валюта-төл теңгеміздің айналымға енгеніне – 31 жыл. Айтулы мерекеге орай Н. Жантөрин атындағы облыстық филармонияда салтанатты шара өтіп, қызметте үздік деп танылған бір топ қызметкер марапатталды. Өңірдің экономикалық дамуына айрықша үлес қосып келе жатқан қаржыгерлерді облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев құттықтады.

– Қаржы – мемлекеттің басты салаларының бірі. Әрбір мемлекеттің жүзеге асырып жатқан жобаларында, істерінде, қадамдарында қаржыгерлердің орны ерекше. Кәсіби мерекеге орай ұйымдастырылған шараға облысымыздың түкпір-түкіпірінен келген бюджеттік мекемелер, ірі кәсіпорындар, банк, мемлекеттік мүлікті басқару, қазынашылық салаларының мамандары қатысты. Қаржыгерлердің басты ерекшелігі – мінсіз қызметінде, олардың өз ісін ұқыптылықпен, жауапкершілікпен атқаруында десек артық айтқандығымыз болмас. Осы қасиеттерді күнделікті қызметте қаржы саласы қызметкерлерінің бойынан байқап жүрмін. Бюджеттік сала мамандарына жұмыстарыңыз нәтижелі болсын деген тілек айтамын,-дей келе Жасұлан Орақұлы бір топ қаржы саласының қызметкеріне ҚР Қаржы министрлігінің төсбелгісін, Алғыс хатын облыс әкімінің Құрмет грамотасы, Алғыс хатын табыс етті.

qarzhy glav

Экономика саласын дамытуға қосқан үлес үшінә медалінің иегері Ақбөбек Шарғабаеваның осы жүйеде еңбек етіп келе жатқанына 30 жылға жуықтап қалыпты. Еңбек жолын өндірістен бастаған ол мемлекеттік қызметке келіп, 2013 жылдан бастап облыстың индустриялды-инновациялық даму басқармасында өнеркәсіпті дамыту бөлімінде ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген. Бүгінде өнеркәсіпті және жергілікті қамтуды дамыту бөлімінің басшысы.

qarzhy 2

– Біздің жұмысымыз облыс экономикасын өркендетуге, әртараптандыруға және болашақ стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған. Осы салада қызмет атқарып келе жатқан мамандардың еңбегі зор. Үнемі ізденісте болуды, мұқияттылықты талап ететін сала деп есептеймін,-дейді Ақбөбек Сағынбайқызы.

Салтанатты жиын барысында қаржыгерлерді облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов құттықтап, сала ардагерлеріне «Атырау облысына сіңірген еңбегі үшін» медалін табыстады.

qarzhy

– Қаржы саласы – ең қадірлі мамандық. Себебі, адам өміріне ең қажетті нәрсе – адал еңбек болса, сол қызмет қаржымен бағаланады. Осы сала қызметкерлерінің ең басты ерекшелігі – жауапты қызметті қыз-келіншектердің атқаруында. Жұмыстарыңызға табыс, өмірлеріңізге шаттық, мол табыс тілеймін. Бұл салада жастардың көбейіп келе жатқандығы қуантады. Бір кездері аға-апалар бастаған жолды кейінгі буын жалғастырып келеді. Қаржы жүйесіне саналы ғұмырын ардагерлердің де еңбегі зор,-дейді Мұрат Сақтайұлы.

Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.   

Айбөпе САБЫРОВА,

суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ  

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button