ОҚУҒА ЖАЗЫЛУҒА АСЫҒЫҢЫЗ!

«Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы талай кәсіпкердің кәсібінің қанатын кеңге жаюына ықпалы тигенмен, оны толық білмейтіндер де жетіп артылады. Сондықтан, газет қосымшасында Елбасы тапсырмасымен жасақталған бағдарлама төңірегінде қысқаша түсіндіріп кетуді жөн көрдік. «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ Атырау филиалының қаржылай емес бағдарламалар жөніндегі бас менеджері Роза Байсалиховадан білгеніміздей, оқуға жазылу ағымдағы жылдың ақпан айынан басталды, әлі де жалғасуда.

Шағын және орта бизнес топ – менеджментіне оқыту:

– Сәтті бизнес құрудың жаңа үлгілерін енгізу;

– Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды тиімді басқару және стратегиялық және тактикалық бизнес – міндеттерді шешу дағдыларын дамытуға бағытталған.

Оқу «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымында (Дьюк (АҚШ) университетімен бірлесіп) 3 кезеңмен жүргізіледі:

1 КЕЗЕҢ

30 қатысушыдан құрылған топтардағы үш күндік аудиториялық сабақ.

2 КЕЗЕҢ

Онлайн – семинарлары (Webinars)

3 КЕЗЕҢ

Бизнес – жоспарлар жазу және оларды бағалау.

Қызметін экономиканың басымдықты секторларында жүзеге асырып жүрген шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жоғары және орта буын басшылары оқуға қатыса алады.

Қатысушылар:

– Оқу өткізілетін жерге барып-келу жолын;

– Орынақысын өздері төлейді.

Оқу аяқталғаннан кейін СЕРТИФИКАТ беріледі.

Дәріс алғандар «Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша шетелде машықтанудан өту конкурсына қатыса алады.

Оқу кестесі:

www.damu.kz сайттарында орналастырылады.

«Іскерлік байланыстар» жобасы

–  Бұл шетелдік әріптестермен іскерлік байланыс және қарым-қатынас орнату мүмкіндігі.

– Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жоғары және орта буын басшыларын оқыту.

Оқу екі кезеңмен жүргізіледі:

1 КЕЗЕҢ

Шетелдік және отандық бизнес – тренерлер мен кеңесшілердің басшылығымен Астана мен Алматы қалаларында өткізілетін 3 апталық курстар.

2 КЕЗЕҢ

Германия мен АҚШ-тағы профильді кәсіпорындарда бір айлық бизнес – машықтану.

Қатысу шарттары мен талаптары

Оқу – ТЕГІН.

Қатысушылар бірінші кезеңде:

– көлік шығындарын және жайларда тұруын өздері төлейді.

Екінші кезеңге:

– Бірінші оқу кезеңінен өткен кәсіпкерлер.

– «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымында «ШОБ топ – менеджментін оқыту» курсынан өткен кәсіпкерлер қатыса алады.

Өтінім нысаны мен «Іскерлік байланыстар» жобасына қатысу шарттары: www.dkb2020.kz, www.damu.kz сайттарына орналастырылады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз