«ӨРЛЕУ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТАДЫ

img 20220919 wa0021 Экономика

Атыраулық cтуденттер университетті екі дипломмен аяқтауға мүмкіндік алмақ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім саласын дамыту бағытындағы тапсырмаларына сәйкес еліміздің әр өңірінде шет елдердің ең үздік университеттерінің бөлімшелерін ашу көзделіп отыр. Мәселен Қазақстандағы Woosong Білім беру қорының өкілдігі мен Global «SAPA» халықаралық білім беру орталығы атыраулық оқушылардың, жоғары оқу орындары студенттерінің, сондай-ақ мектептердегі пән мұғалімдері мен колледж оқытушыларының біліктілігін арттыруға ынталы. Осы мақсатта Global «SAPA» халықаралық білім беру орталығының құрылтайшысы Тлектес Шингужинова мен экономерика-профессоры Нұрлан Сәрсенбаев Атыраудағы «Өрлеу» кәсіби біліктіліктті арттыру институтында болды.

– Жаңа жобаларды іске асыруға Оңтүстік Кореяның білікті мамандары мен технологиялары көмекке келеді. Әлемнің үздік тәжірибесін тарату қазақстандық педагогтер мен оқушылардың білім сапасына оң ықпал ететініне сенемін. Себебі біздің көпжылдық тәжірибеміз бар. Өңірдегі күрмеуі көп білім саласын жаңғыртудың жоспары құрылады және олар кезең-кезең жүзеге асады, – дейді «Global Sapa» халықаралық білім беру қоры өкілі Тлектес Шингужинова.

Бірнеше күнге созылған кездесу Атырау облыстық Білім беру басқармасы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы филиалының  «Global Sapa» халықаралық білім беру қорымен ынтықмақтастық жөніндегі меморандумына қол қоюымен аяқталды.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын іске асыру бағытында шет елдердегі жетекші университеттердің бөлімшелер Қазақстан аймақтарында ашу отандық білім беру саласын жаңғырута, адами капиталды нығайтуда маңыздылығы жоғары. Соған орай қазір тиісті министрлік пен Woosong Білім беру қоры келіссөздерді жүргізуде. Жалпы мұндай ауқымды жоба Ақмола, Атырау, Ақтөбе сынды өндірістік аймақтарды қамтымақ. Екі дипломды білім беру жүйесі еңбек нарығындағы мамандар тапшылығын шешуге, бәсекелестік ортаны нығайтуға серпін бермек, – деді өз сөзінде экономерика профессоры, Нью-Йорк ғылым академиясының эксперті Нұрлан Сәрсенбаев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз