Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
Жарнама
Экономика

Өңірде өндірістік кәсіпорындар мен инвестициялық жобалар саны артуда

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мен «Даму» қорының өкілдері журналистерге арналған өндірістік кәсіпорындарға баспасөз турын өткізді,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникация қызметі.

Делегация алдымен «Талшықтекс» ЖШС-не барды. Мұнда полипропиленді геотекстиль өнімдері шығарылады. Қазір 40 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Одан кейін «Assu Company» ЖШС-нің өндіріс орнына табан тірелді. Компания 2023 жылы құрылып, 2025 жылы шағын зауыт іске қосылған. Бұл кәсіпорын Атырау облысында газдалған және газдалмаған сусындар өндіретін алғашқы компания. Қазір өндіріс өңірдің ішкі сұранысының 20%-ын қамтамасыз етіп, қуаттылығы артты. Бүгінде өнім Ресей нарығына экспортталуда, ал алдағы уақытта ассортимент пен экспорттық бағытты кеңейту жоспарланып отыр.

Айта кетейік, 2025 жылы өңірде 20 инвестициялық жоба іске асырылып, нәтижесінде 1 320 жаңа жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар 2025-2029 жылдарға жалпы 45 ірі жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Бүгінде өңірде 70 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, олардың 65 мыңнан астамы тұрақты жұмыс істеп тұр. Ал «Атырау өнімі» өңірлік бағдарламасы аясында 725 жаңа жұмыс орны құрылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button