Жарнама
Экономика

Өңірде инвестицияның 70%-ы өнеркәсіп саласына тиесілі

Аймақ басшысының орынбасары Марат Мурзиевтің төрағалығымен облыстағы инвестиция көлемін ұлғайту және өңірлік жобалардың орындалуын қамтамасыз ету бойынша жиын өтті. Мәжілісте 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айында негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 920,2 млрд. теңгені құрап, жоспардың 50 пайызы орындалғаны айтылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

img 3582

Облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Данияр Орынбасаровтың мәліметінше, 2025 жылдың қаңтар-тамыз айларында тартылған инвестиция көлемі өткен жылмен салыстырғанда 30% азайған.

-Жылыой, Исатай, Мақат және Махамбет аудандарында төмендеу байқалады, ал Атырау қаласы, Индер, Құрманғазы және Қызылқоға аудандарында өсім тіркелді. Аймақтағы инвестицияның 70%-ы өнеркәсіп саласына тиесілі, — деді Д.Орынбасаров.

img 3579

Жалпыұлттық инвестициялық пул аясында 2025-2029 жылдары өңірде құны 6,9 трлн теңгені құрайтын 46 жоба жүзеге асырылып, 5,9 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Тек биылдың өзінде 108 млрд теңгеге 22 жоба іске асырылып, 1468 жұмыс орны құрылмақ. Бүгінде 7 жоба пайдалануға беріліп, 550-ге жуық адам жұмыспен қамтылды.

img 3578

Жиын қорытындысында әкімдіктерге инвестициялық жобаларды жеделдету, айына екі рет штаб отырысын өткізіп, көрсеткіштердің орындалуын қатаң бақылауда ұстау тапсырылды. Отырыста Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов, аудан әкімдері және ірі өнеркәсіп компанияларының өкілдері қатысты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button