Жарнама
Экономика

Несие – 70 млн. теңгеге дейін

Мемлекет басшысы былтырғы Жолдауында бизнеске қолдау көрсетуді жалғастыру, әсіресе қаржыландыру тетіктерін күшейтуді тапсырған еді. Осы бағытта облыста ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Облыстағы 65 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі 135 мың адамды жұмыспен қамтып отыр. Енді «Атырау өнімі» бағдарламасы арқылы жергілікті кәсіпкерлерге 7 пайызбен 70 миллион теңгеге дейін несие ұсынылуда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған актив жиналысында бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкенов мәлімдеді.

– Президент Жолдауында кәсіпкерлікті қолдау – басым бағыт. Біз бизнеске барынша қолайлы жағдай жасаймыз, — деді Серік Жамбылұлы.

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметіне қарағанда, биыл қазынадан кәсіпкерлікті қолдау үшін 11,1 миллиард теңге қаржы бөлінген. Бүгінгі таңда жалпы құны 12,7 миллиард теңге болатын 121 жоба қаржыландырылған.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button