«Не? Қайда? Қашан?»

  Атырау аймақтық коммуникациялар қызметі базасында Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы және «Жастарды қолдау орталығы» қоғамдық ұйымының ұйымдастыруымен «Не? Қайда? Қашан?» атты интеллектуалды ойын өтті.

 Шараға облыстық және Атырау қалалық әкімдіктері мен аумақтық департаменттерден үш команда қатысып, әрқайсысы алты адамнан жасақталды. Ойында қалалық әкімдіктің командасы 6:5 есебімен жеңіске жетіп, 50 мың теңге қаржылай сыйақымен, ал өзге қатысушылар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталып, Алғыс хаттар табыс етілді.

  Ойын барысында команда мүшелерінің тапқырлығына, білімділігіне және алғырлығына баса назар аударылды. «Не? Қайда? Қашан?» ойыны қатысушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытып, топтық жұмысқа бейімдейді.

 Шара қорытындысы бойынша облыстық әкімдік командасынан Ермек Шымалиев «Үздік ойыншы» атанды. Атырау қалалық әкімдігі командасынан – Абзал Байсалбаев, аумақтық департаменттер командасынан Зарина Шотова да осындай аталымды иеленді.

Абай АБЫЛАЙҰЛЫ.

 

 

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз