Жарнама
Экономика

Мұнай мен газды ұтымсыз пайдаланған компаниялар миллиардтаған теңге өтемақы төледі

Республика Энергетика министрлігі мұнай мен газды ұтымсыз пайдаланғаны үшін 14 миллиард теңгеден астам шығынды өндіріп алды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Энергетика министрлігі мен оның Атырау және Қызылорда облыстарындағы мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекцияның өңіраралық басқармалары реттелетін саладағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып келеді. 2025 жылдың тоғыз айында көмірсутек саласындағы мемлекеттік бақылау аясында 100 тексеру іс-шарасы жүргізілген. Оның ішінде 18 профилактикалық бақылау, 30 жоспардан тыс тексеру, 15 шарттық міндеттемелерді орындау бойынша бақылау және 37 мемлекеттік қызмет көрсету аясындағы рұқсаттық тексеру бар.
Тексеру нәтижесінде 18 бұзушылықты жою туралы нұсқама беріліп, 80 әкімшілік айыппұл салынған. Оның жалпы сомасы 110 миллион теңгеге жеткен. Сонымен қатар мұнай мен газды ұтымсыз пайдаланғаны үшін 14 миллиард теңгеден астам залал өндірілген.
Қазір қосымша 4 миллион теңгеге жуық айыппұл мен 2,4 миллиард теңге көлеміндегі залалды өндіру бойынша материалдар қаралу үстінде. Энергетика министрлігі алдағы уақытта да жер қойнауын пайдалануды қамтамасыз ету және табиғи ресурстарды тиімді игеру бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастыратынын мәлімдеді.
Атырау облысында энергетика саласына байланысты бақылау шаралары айрықша маңызға ие. Өйткені өңір елдің мұнай-газ өндірісінің негізгі орталығы болып саналады. Сондықтан мұнда заңнаманың сақталуы, ресурстарды тиімді пайдалану және табиғи байлықты қорғау мәселелері мемлекет назарында қала бермек.

Еркеназ ҚАЛИЖАН

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button