img 20201216 wa0019

Мұнай-химия ғалымдары енді Атырауда да даярланады

Экономика
4 / 100

Мұнай-химия және экология бағыттарында бакалаврлар мен магистрлер, PhD докторлар енді Атырауда да даярланады. Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде Мұнай-химия инженериясы және экология институты ашылды.

Университеттің Азаттық даңғылындағы ғимараты мүлдем жаңа кейіпке енді: оқу аудиториялары мен компьютерлік сыныптар, зертханалар соңғы үлгідегі жабдықтарға толды. Мұнай-газ кешені болашақ мамандарының тәжірибелік дағдыларды меңгеруіне мүмкіндік беретін 12 жаңа зертхана ашылды. «Химия және химиялық технология» кафедрасының материалдық-техникалық базасы толық жаңартылды.

Мұнай-химия кешенінде қазіргі заманғы білім беру кластерін құруға бағытталған бұл жұмыстарға Атырау мұнай өңдеу зауытының басшысы Ш.А.Данбай, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының мұнай өңдеу және маркетинг жөніндегі орынбасары Д.С. Тиесов қолдау көрсетті.

Университет базасында, сонымен қатар AXANS каталитикалық риформинг қондырғысының прототипі орнатылады, бұл еліміздегі барлық мұнай өңдеу зауыттарына маман даярлауға мүмкіндік береді.

-Оқу үдерісіне қазіргі заманғы технологияларды енгізу арқылы студенттерді өндірістің нақты жағдайларына оқыту инфрақұрылымын жақындастыруға негізделген «Білім-өндіріс-ғылым-бизнес» интеграциясы – жоғары оқу орнының білім беру процесінің басты бағыты,-дейді университет ректоры Гүлзада Шакуликова. -Президент Жолдауында «Қазақстанның батыс өңірлері мұнай-химия кешендерін салып, жоғары деңгейдегі қайта өңдеу ісінің жаңа өндірістік циклдарын құру үшін инвестиция тартатын орталыққа айналуға тиіс. Бізде осы күнге дейін мұнай химиясы мен газды қайта өңдау жүйесінің жоқтығы – ақылға қонбайтын қисынсыз нәрсе» деп атап көрсеткен болатын. Сонымен қатар, ірі бизнес өкілдеріне өңірлік университеттердің ғылыми қызметін қамқорлыққа алуды ұсынды. Қазіргі уақытта университет базасындағы мұнай-химия бойынша білім беру кластерін құруға біз «Атырау МӨЗ» ЖШС-і мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қолдауымен қол жеткізіп отырмыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған