Мал иелеріне – МЕМЛЕКЕТ ҚОЛДАУЫ

aprarara 1 Экономика

МАЛ БАСЫН АСЫЛДАНДЫРУ БАҒЫТЫ БОЙЫНША АУДАНДА 49 ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНА ТАМЫЗ АЙЫНЫҢ СОҢЫНА ДЕЙІН 34 БАС АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ БҰҚА, 98 БАС СИЫР, 25 БАС ҚОШҚАР САТЫП АЛЫНДЫ. ОЛ ҮШІН 56 675 МЫҢ ТЕҢГЕ МЕМЛЕКЕТТІК СУБСИДИЯ ТӨЛЕНДІ. ТҮЛІК САНЫН ӨСІРУ БАҒЫТЫНДА «ХАЙРОЛЛА», «ҚҰРМАН», «АЯН», «НҰРЛЫ ДАЛА» АГРОФИРМАСЫ, «НҰР-АЙ», «ШЫҢҒЫСХАН», «ЖҰЛДЫЗ», «ЕСЕН», «ШАДИЯР», «ДУМАН», «НАЗ-ГҮЛІМ» ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫ, «ЖАСҚАЙРАТ» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ МЕН ЖЕКЕ КӘСІПКЕР «ШУКАТЫРОВ» ҮЛЕС ҚОСЫП КЕЛЕДІ.

Соңғы кезде мемлекет қолдауына с ү й е н г е н ш а р у а л а р м а л д ы ң басын көбейтіп қана қоймай, оны асылдандыруға жаппай кірісті. Б ү г і н д е « Н а з – Г ү л і м » ш а р у а қожалығында 1500 бас еділбай қойы, «Жасқайрат» ЖШС-інде 5000, ал «Нұрлы дала» агрофирмасында 2000 бас қой қыстаққа түскелі тұр. Шаруашылықтардың барлығы да «асыл тұқымды шаруашылық» деген мәртебеге ие. Сондықтан, олар қошқар мен саулық басына мемлекеттен субсидия алып, мал басын көбейтуге мүмкіндік алып отыр. Енді осы шаруашылықтар асыл тұқымды малды ісін жаңа бастаған шаруагерлерге сата бастады.

Сондай-ақ, бизнесін жаңа бастап жатқандар мен шаруашылығын одан әрі өркендетуге ден қойғандар үшін жеңілдетілген түрлі несиелер бар. Жыл басынан бері аудан бойынша 42 шағын кәсіпкерлік өкілі жергілікті және мемлекеттік бағдарламалар ш е ң б е р і н д е 4 6 4 , 5 6 м и л л и о н теңгеге несие алған. Оның ішінде, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Атырау филиалы арқылы «Агробизнес» бағдарламасы бойынша 7 шаруа қожалығына 126,03 миллион теңге, «Бастау-Қызылқоға НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы 5 шаруа қожалығына 72,38 миллион теңге, 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 20,3 миллион, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Батыс Қазақстан облысы филиалы арқылы 9 шаруа қожалығына 111,36 миллион теңге несие беріліп отыр.

Ендігі міндет – мал өнімдерін өңдеуді қолға алу. Бұл бағытта аудан бойынша қой мен түйе жүндерін жуып тазалап, тауарға айналдыратын өндіріс іске қосылмақ. Бұл дегеніңіз жылына қырқылатын 170 мың тоннадан астам ұсақ жандық, 1900 тоннадан астам түйенің өнімі кәдеге жаратылады деген сөз. Жуылып, тайланған жүнге Шымкент, Тараз қалаларында сұраныс бар екен. Тек оны уақытылы тапсырысқа сай дайындау қажет. Малды ауданда қолға алынған тағы бір бастама – сиыр, түйе сүтін өңдейтін ферма ашу. Бұл бағытта « Қ ұ р м а н » ш а р у а қ о ж а л ы ғ ы шетелдік технология алып, қазір оны жайғастыру жұмысы жүріп жатыр. Сондай-ақ, ет өнімдерін өңдеп, шұжық, тартылған ет, қазы дайындау жобасын қолға алуға ниет етушілер де бар. Яғни, қызылқоғалықтар алдағы екі-үш жылда өз өнімін өңдеп, халықаралық стандартқа сай өнім шығаруды бастайды. Өңдеу бизнесін қолға алғандарға мемлекеттен қолдау көрсетіп, технологияларын жеткізіп беруді жергілікті билік ұйымдастырса, ауыл азаматтарының жұмысы жанданары сөзсіз.

Бақберген ТӨЛЕН

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз