Жарнама
Экономика

Кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктерге жол ашылды

Облыста кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған кешенді шаралар мен бөлінген қаржы өңір экономикасының тұрақты дамуына тың серпін беріп отыр. Облыс әкімі Серік Шәпкеновтің мәлімдегеніндей, 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында шағын және орта бизнес өндірген өнім көлемінің 2,4 трлн. теңгеге жетуі – жалпы өңірлік өнімнің 21%-ын құрап, кәсіпкерліктің экономикалық өсімдегі рөлін айқын көрсетеді. Бұл көрсеткіштер кәсіпкерлік әлеуеттің артуы мен жергілікті өнім өндірудің дамуына нақты дәлел болып отыр.

Қолдау шараларының тиімділігі байқалады. Несиелік субсидиялар, кепілсіз несиеге ішінара кепілдендіру, қайтарымсыз мемлекеттік гранттар, сондай-ақ «Өрлеу» бағыты арқылы жаңа бизнес бастамаларды ынталандыру нәтижесінде 254 кәсіпкерлік жоба жүзеге асырылып, 1 725 жаңа жұмыс орны құрылды. Жалпы алғанда, инвестициялық жобаларды іске асыру және шағын-орта бизнесті қолдау нәтижесінде 26 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, өз кәсібін бастауға ниетті 300 азаматқа қайтарымсыз грант беріліп, кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға мүмкіндік туды.

Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы өңірдегі шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған барлық бастамаларды жүйелі жүзеге асырып келеді. Кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдау экономиканың әр саласын дамытуға, өңір тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға және жергілікті өнім өндіруді нығайтуға ықпал етеді. Біз өз кәсібін бастауға ниетті азаматтарға жан-жақты көмек көрсетуді әрі қарай жалғастырамыз және бизнес ортаны дамытудағы мемлекеттік және жеке бастамаларды біріктіруді басты бағыт ретінде қарастырамыз.

Осындай жүйелі қолдау мен ынталандыру арқылы Атырау облысы кәсіпкерлік ахуалы мықты, инновациялық және экономикалық тұрғыдан тұрақты өңірге айналады. Кәсіпкерлердің табысы — өңірдің дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатының кепілі.

Нұрлан СҮЙІНБАЕВ,
Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button