ҚАРТТАР ҚУАНҒАН КҮН

Ұлыстың Ұлы күнін облыстық қарттар мен мүгедектер үйі тұрғындары да бір кісідей тойлады. Бұл күні олардың ортасына Әділет департаменті басшысы А.Каримов мырзаның өзі келді. Ол үлкендерге деген ең ізгі тілегіне қоса мерекелік дастарханға деп бір қой тарту етсе, «Заман Групп» ЖШС директоры А.Ерекешов қарттардың тісіне жұмсақ он торт сыйлады. 

 

Сондай-ақ, мерекелік дастарханға «Картбланш» ЖШС директоры Н.Песоцкая – көкөніс, «Дәм» асханасы басшысы С.Төремұратова – тәтті де жұмсақ бөлке, жеке кәсіпкер Р.Мақанова – қазы-қарта, Кедендік бақылау басқармасы мен облыстық Қаржы полициясы ұжымдары бір-бір қой тарту етті.   

«Өмір гүлі» ансамблі мен Қазақстан студенттік қозғалысы Атырау қалалық штабының жастары үлкендердің көңілін көтеріп, ән-жырдан шашу шашты. Осындай құрметтері үшін қонақтарға қарттар үйі директоры Қилымқас Күзембаева мен Амангелді Ақберді үлкендер атынан ақжарма алғыстарын айтты.

Кенже ӘБІЛҒАЗИЕВ,
облыстық қарттар мен 
мүгедектер үйі тұрғыны.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз