«КҮЛТЕГІН» – 1000 теңгелік ескерткіш ақша

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі үстіміздегі жылғы 12 желтоқсаннан бастап «Kүлтегін» түркі жазба ескерткішіне арналған номиналы 1000 (бір мың) теңгелік ескерткіш банкнотты айналысқа шығарды. Оның көлемі 134х70 мм қағазда дайындалған. Банкноттың басым түсі - сарғыш қоңыр.
«Kүлтегін» түркі жазба ескерткішіне арналған номиналы 1000 (бір мың) теңгелік ескерткіш банкноттың таралымы - 10 000 000 (он миллион) дана. Аталған ақша белгісі ҚР Ұлттық Банкі Атырау филиалына келіп түскеннен кейін облыс көлемінде екінші деңгейлі банктердің филиалдары арқылы берілетін болады.

 

Ғ.ТАРИХОВА,
ҚР Ұлттық Банкі Атырау филиалының қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық
операциялар бөлімінің жетекші маман-экономисі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз