Жарнама
Экономика

Ел болашағына салынған стратегиялық инвестиция

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа ресми сапары – Қазақстанның сыртқы саясатындағы аса маңызды әрі тарихи сәттердің бірі деп есептеймін. Бұл сапар елдің ұлттық мүддесіне негізделген прагматикалық саясаттың нақты жемісі болды.
Ақ үйдегі келіссөздер нәтижесінде жалпы құны 17 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдерге қол қойылуы – ел экономикасының әлеуетін айқын көрсетеді. Бұл тек инвестиция көлемі емес, Қазақстанның сенімді серіктес ретіндегі беделінің де айғағы.
Екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің жаңа деңгейге көтерілуі – еліміздің энергетика, ауыл шаруашылығы, инновация, көлік және білім салаларында тың мүмкіндіктердің ашылуына жол ашады. Әсіресе ауыл шаруашылығы мен азық-түлік қауіпсіздігі бағыты бойынша америкалық технологиялар мен тәжірибенің келуі – ауыл аймақтардың дамуына жаңа серпін береді деп сенеміз.
Мемлекет басшысы өз сөзінде уран өндірісінен бастап жасанды интеллектке дейінгі кең ауқымды бағыттарды қамтитын жобаларға назар аударды. Бұл Қазақстанның экономикалық саясатының біржақты емес, жан-жақты және болашаққа бағдарланған екенін көрсетеді.
«Ауыл» партиясы үшін де мұндай қадамдардың маңызы зор. Себебі біз ел дамуының басты тірегі – еңбек адамы, ауыл еңбеккері деп санаймыз. Ал Президенттің бұл сапары ел экономикасына шетелдік капитал ғана емес, жаңа технологиялар мен заманауи өндіріс мәдениетін әкеледі. Бұл өз кезегінде ауыл өңірлерінде жаңа жұмыс орындарын ашуға, агросектордың өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қасым-Жомарт Кемелұлының АҚШ-пен серіктестікті нығайтуға бағытталған прагматикалық саясаты – Қазақстанның жаһандық экономикадағы орнын күшейтіп, елдің тәуелсіз әрі теңгерімді саяси бағытын айқындайды.
Сондықтан бұл сапарды жай ғана халықаралық келісім емес, ел дамуының жаңа кезеңіне бастайтын тарихи бетбұрыс деп қабылдаймын.

Серік ЕГІЗБАЕВ,
«Ауыл» партиясының төрағасы.
Арнайы «Атырау» газеті үшін

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button