Доссор кентінде айналма жол ашылды

1096ad83 4100 415b 965b a4c3784258f9 Экономика

«Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов Доссор кенті аумағынан өтетін айналма жол құрылысының​ ашылу салтанатына қатысты»,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

6ec687cf 1bd1 4c9e 9bc9 d3578c3079e4

Ұзындығы 5.6 шақырым болатын айналма жолдың құрылысы 2020 жылдың желтоқсан айында басталған. Жұмыстары түгелдей аяқталып, пайдалануға беріліп отыр.

«Тәуелсіздік жылдары еліміз бойынша халықтың әл-ауқатын арттырып, инфрақұрылымдық жағдайды жақсартуға бағытталған көптеген жоба жүзеге асырылды.

Соның ішінде, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған жолдар ел игілігіне беріліп келеді.

Доссор кентіндегі айналма жолдың құрылысы Доссор кенті арқылы өтетін транзиттік автокөлік ағынын азайтып, тұрғындарымызға қолайлы жағдай қалыптастырады»,-деді М.Досмұхамбетов.

a514640e 98bc 4901 837f df59a1044ff6

Сондай-ақ жол инфрақұрылымын дамыту мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше бақылауда тұрғанын атап өткен аймақ басшысы Тәуелсіздік жылдары облысымыз бойынша 2200 шақырымнан астам автокөлік жолы салынып, жөндеуден өткенін айтты. Сонымен қатар, биылдың өзінде барлығы 127 шақырым жол салынып, жаңғыртылғанын жеткізді.

00fa7712 90f8 482e a4ba 84dd38295ce0

Кент тұрғыны М.Үмбетқалиевтің айтуынша, айналма жол жергілікті тұрғындар үшін Тәуелсіздіктің 30-жылдығы шеңберінде ерекше тартулардың бірі болып отыр. Айналма жол кенттің ішінен ауыр жүк машиналарының өтуін тоқтатып, адамдардың қауіпсіздігі мен жүріп-тұруы үшін қолайлы жағдай туғызып отыр.

dcd33770 62af 4568 83a4 77271e4cad70
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз