Борышкерлерге салық амнистиясы жүргізіледі

7271240 Жаңалықтар

Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев салық қарызы бар жеке тұлғалар үшін рақымшылық жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

7271240

Президенттің айтуынша, бүгінгі таңда 1,3 миллион жеке тұлғаның бюджет алдында көлік, мүлік және жер салығы бойынша берешегі бар. 

«Бұл 17 миллиард теңгеден астам, оның 5 миллиард теңгесі қарыздың үстінен есептелген өсімпұл. Мен бұған дейін де айтып, үкіметке негізгі салықты төлейтін болса, онда осы өсімпұлды кешіретін салық рақымшылығын жүргізуді тапсырғанмын», — деді мемлекет басшысы үкіметтің кеңейтілген отырысында. 

Айта кетсек, бұған дейін президент шағын және орта бизнес кәсіпкерлері үшін салық амнистиясын жариялауды тапсырған еді. Егер олар осы жылдың 31 желтоқсанына дейін негізгі борышты өтесе, онда өсімпұл мен айыппұлдары кешіріледі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз