Жарнама
Экономика

Цифрлық өндіріс – ел дамуының кепілі

Бүгін облыстық мәслихат депутаты Әлібек Семғалиев Атырау мұнай өңдеу зауыты ұжымымен кездесіп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын талқылады. Кездесу барысында депутат Жолдауда айтылған өндірісті цифрландыру, еңбек өнімділігін арттыру және жасанды интеллектті енгізу мәселелеріне ерекше тоқталды.

005e4aac 6187 4d10 9fe9 6061c9bcf28e

Оның айтуынша, жаңа технологияларды қолдану – бәсекеге қабілетті экономиканың негізі.
-Жасанды интеллект – болашақтың емес, бүгіннің құралына айналып үлгерді. Өндірісте оны тиімді қолдану арқылы біз қауіпсіздікті арттырып, шығындарды азайтып, өнім сапасын жақсарта аламыз, – деді Әлібек Аманжанұлы. Ол мұндай технологияларды енгізу тек кәсіпорынның ғана емес, жалпы өңір экономикасының дамуына серпін беретінін атап өтті.

0e6f0f1f 1e61 4fb4 99fb c68b1acb12d8

Депутат зауыт ұжымының ынтымағы мен кәсіби деңгейіне жоғары баға беріп, оларды ел дамуы жолындағы жауапты істерінде табысқа жетуге тілектестік білдірді.
Айта кетейік, бүгінде Атырау мұнай өңдеу зауытында 2500-ге жуық адам жұмыс істейді. Зауытта 20-дан астам түрлі мұнай өнімі шығарылады.

Рита ӨТЕУҒАЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button