Айналымда – жаңа монета

Aynalyimda zha a moneta Экономика

Номиналы 5000 және 500 теңгелік күмістен және номиналы 100 теңгелік мельхиор қоспасынан «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» монеталар сериясынан «Теңгеге 25 жыл» коллекциялық монеталары  айналысқа шықты.

Айналымда – жаңа монета

Номиналы 5000 және 500 теңгелік «Теңгеге 25 жыл» монеталарының сипаттамасы: Монеталардың бет және сырт жақтарындағы бейнелер бірдей. Монеталар алтындату және түрлі түсті басу технологиясын қолдана отырып күмістен дайындалған. Монеталардың бет жағында (аверсінде) жылтыр бетінде 1997 жылғы үлгідегі номиналы 1 теңгелік монетаның алтындатылған бейнесі орналастырылған. Монетаны айналдыра оңынан номиналы, соғылған жылы, монета дайындалған металды, сынамы мен массасын білдіретін жазба және «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» мен «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» жазбасы бейнеленген. Монеталардың сырт жағында (реверсінде) 1993 жылғы үлгідегі қазақстандық монеталардың аясында номиналы 1 теңгелік банкнот бейнеленген. Банкноттың үстінде 1997 жылғы үлгідегі номиналы 1 теңгелік монетаның реверсінің алтындатылған бейнесі бар «Теңгеге 25 жыл» деген жазба және 1993 жылғы үлгідегі монеталар бейнеленген.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз