АЛКОГОЛЬ ӨНІМДЕРІНЕ – ЖЫЛ САЙЫН ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ АЛЫМ

Атырау облысы бойынша кірістер департаментінің Түсіндіру жұмыстары басқармасының бас маманы Динара Садықованың сөзіне қарағанда, бұрынғы заңнамаларға сәйкес лицензиялық алым бір рет – лицензия алған кезде төленетін болса, енді оны жыл сайын төлеу қажет болады және төлем уақыты – қаңтардың 1-і мен 20-сы аралығында. Төленбеген жағдайда кәсіпкерлерге айыппұлдар қолданылады. Алым мөлшері: Атырау қаласында – 100 айлық есептік көрсеткіш, Құлсары қаласында және қалалық үлгідегі поселкелер Индер және Мақатта – 70 айлық есептік көрсеткіш, ал, ауылдық округтерде – 30 айлық есептік көрсеткіш (бұл тізімге қала маңында орналасқан ауылдық округтер де қамтылады). Көтерме сауда жасайтын тұлғалар орналасқан жеріне қарамастан 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде лицензиялық алым төлейді. 2015 жылға 1 АЕК көлемі 1982 теңге көлемінде болмақ.

Сонымен қатар, кез келген тұтынушы арақ өнімдерінің есептеу-бақылау маркаларының түпнұсқалығын кірістер департаментінен анықтай алады. Ол үшін тексерілетін арақ өнімдерін №27 кабинетке келіп, арнайы сканер арқылы тексерту қажет. Егер де арақ өнімдері «жалған» болса, тұтынушы арыз бере алады, сол бойынша сатушыға Заңға сәйкес шаралар қолданылады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз