Атырауға тағы 68 тонна қант келді

screenshot 20220610 153452 1 Экономика

Атыраудағы Ярмарка Retaіl супермаркеті желісіне 68 тонна қант келді, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникация қызметі.

-Қазір облысқа Көксу қант зауытынан 68 тонна қант келді. Есепке алынған соң, бірер күнде саттыққа шығарылады. Алдағы уақытта 4-5 күннен кейін тағы 66 тонна, содан соң 64 тонна қант келеді деп күтілуде. Осылайша, әр 4-5 күн сайын келе береді, деді Ярмарка Retaіl супермаркетінің қойма меңгерушісі Клара Шарипова.

Ал, Ярмарка Retaіl супермаркетінің меңгерушісі Гүлмира Ғизатуллина әзірге қант тапшылығы болып көрмегенін айтты. Тек сөрелердегі қант азайған сайын толықтырып отыратынын атап өтті. Мұнда қанттың келісі 385 теңгеден сатылуда.

Айта кетейік, Атырау қаласында Ярмарка Retaіl және «7я» супермаркеттерінің 15 нүктесі бар.
Еске салып өтейік, екі күн бұрын Идеал және Лидер супермаркеттеріне 66 тонна қант келгенін хабарлаған болатынбыз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз