img 20200709 wa0149

МӘСЕЛЕНІҢ МӘНІСІ: Дәрі-дәрмек жеткілікті ме?

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар Медицина
1 / 100

Дәрі-дәрмекке қатысты күмәнді сауалдар күні бүгінге дейін көптің көкейінен сейілмей, біраз әуре-сарсаңға салғаны жасырын емес. Былтыр әсіресе, шілде мен тамыз айларында дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі анық байқалып, бұған жауапты тұлғаларға қатысты шаралар қолданылды.

Қарапайым тұмауға қарсы препараттардың дәріхана сөрелерінен көрінбей кеткені дәрінің қымбаттауына әкелген болатын. Тіпті, көрші елдерден дәрі-дәрмектерге, медициналық тауарларға тапсырыс бергендер де табылған. Мәселен, атыраулық тұрғын Бибігүл Махамбетқызы былтыр жазда өңірдегі дәрілік заттардың жетіспеушілігінен, Ресейдің Астрахан қаласына тапсырыс беріп, тұмауға қарсы дәрілерді сол жақтан алдыртыпты. Ал, биыл дәрі тапшылығына, бағаның негізсіз қымбаттауына жол бермеу мақсатында елімізде ауқымды істер атқарылып отыр…

Бүгінде Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен «дәрі-дәрмектің шекті бағасына» қатысты мониторингтік топтар құрылып, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі бе л с е н д і ж ұ м ы с і с т еуд е . О л а р өңірдегі дәріханаларды аралап, дәрі бағасын негізсіз өсірудің алдын алуда. Осылайша, атқарылған жұмыстардың, жіті қадағалаудың арқасында дәрілік заттардың қоры мен бағасына қатысты жағдай тұрақталды. Осыған байланысты «өңірдегі дәрілік заттардың қоры жеткілікті ме?» деген сауал туындайды. Оған жауап тосу мақсатында облыстық денсаулық сақтау басқармасына хабарласып көрдік.

Басқарманың баспасөз қызметінің ха б а рл ау ы н ш а , Т ұ р а қ т а н д ы р у қорында 42 аталым бойынша 836 мың дәрі-дәрмек бар. Жеке қорғаныш құралдары бойынша – 823 мың бетперде, 442 мың медициналық қолғап, 91 мың қорғаныш киімі дайын тұр. Денсаулық сақтау министрлігінің Атырау облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің бөлім басшысы Сұлушаш Қуанғалиқызы да бұл мәліметтерді растады. Бұған дейін кейбір дәріханаларда коронавирустық инфекцияға қарсы дәрілік препараттардың жетіспеушілігі байқалған. Бүгінде оның иелері дәрідәрмек қорына байланысты қазір еш алаңдаушылық жоғын айтады.

  • – Дәріханамызда дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Баға да мейлінше тұ р а қ т а л д ы . Д и с т р и б ь ю т е р л е р бағасын түсірген соң, олардың бәсі де төмендеді. Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен шекті бағадан асырып жатқан жоқпыз. Дәрі-дәрмектің жеткілікті болуы негізінен, сұранысқа да байланысты. Мәселен, былтыр цефазолин препараты эпидахуал қатты өршіп тұрған кезде күніне 1-2 мың данадан сатылған. Ал, қазір оның ары кетсе 20 шақты данасы өтеді. Меніңше, былтырғыдай дәрі тапшылығы болмас үшін барлық ж а ғ д а й қ а р а с т ы р ы л ғ а н , – дейді Т.Амандосов көшесі, 30-шы үйде орналасқан «Семейное» дәріханасының меңгерушісі Нұржауған Серікқызы.

Қ а л а д а ғ ы е ң і р і д ә р і х а н а ж е л і с і н і ң б і р і « E u r o p h a r m а » д ә р і х а н а с ы н ы ң м е ң г е р у ш і с і Әсемгүл Балтаева да «тұтынушылар қ а же т е т е т і н д ә р і – д ә рм е кт е р ге байланысты сұраныс жасаймыз. КВИ-ға байланысты препараттар, қан сұйылтатын таблеткалар, и н ъ е к ц и я л ы қ қ ұ р а л д а р – бәрі де қамтылған. Дәрі бағасы тұрақталған» дейді.

P.S.

Иә, қазір Атырау облысы бойынша Тұрақтандыру қорындағы дәрілік заттар мен жеке қорғаныш құралдарының жеткілікті. Бірақ жағдайдың ушығып бара жатқаны да, елімізде коронавирустың жаңадан пайда болған штамының тіркеліп жатқаны да рас. Сондықтан барша халықтың барынша сақтық шараларын орындап, дүрбелеңге салынбай, жан мен тәнді таза ұстағаны абзал.

Алтынбек МЕРСАДЫҚ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған