Көрші елдерде індет қайта өршіді: Мамин тапсырма берді

c16e857e fd02 4830 bc71 5b3e4db60ce3 COVID-19: Соңғы поштадан...

Сонымен қатар халық арасында вакциналау мен ревакцинациялаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмысын жүргізу міндетін жүктеді.

Премьер-министр Асқар Мамин көрші елдерде эпидемиологиялық ахуалдың ушығуына байланысты мемлекеттік шекарада бақылауды күшейтуді тапсырды.

«Жалпы эпидемиологиялық ахуал бақылауда. Дегенмен көрші елдерде жағдайдың қиындағанын көріп отырмыз. Сондықтан өңірлердің, әсіресе шекаралас өңірлердің әкімдері санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын қамтамасыз етсін, науқастану деңгейіне нақты мониторинг жүргізу және жедел шаралар қабылдап отыру қажет. Мониторингтік топтардың жұмысын жандандыру керек. Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік шекарада эпидемиологиялық бақылауды күшейтсін», – деді Мамин үкімет отырысында.

Қазір республикада 8,2 миллион адам бірінші компонент, 7,3 миллион адам екінші компонент алды. Премьер вакцина егу қарқынын ұлғайту қажет екенін айтты.

Ол Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдеріне вакциналау мәселесін жеке бақылауға алып, оның қажетті деңгейін қамтамасыз етуді тапсырды.

Бұдан бөлек, денсаулық сақтау, ақпарат министрліктеріне халық арасында вакциналау мен ревакцинациялаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмысын жүргізу міндетін жүктеді.

Sputnik.kz 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз