Covid-19: Атырауда бір тәулікте 48 адамнан анықталды

f170bab5 d53f 4ddf ae71 dc4a2eded8a2 COVID-19: Соңғы поштадан...

Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 48 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 32 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 3 науқас анықталды.

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында – 1 адам, Исатай ауданында – 6, Қызылқоға ауданында – 2, Құрманғазы ауданында – 3, Махамбет ауданында – 1 науқас анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 28 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 20 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 12 адам емделді.

Қазір 344 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 96, екінші облыстық ауруханада – 14 пациент,
аудандық инфекциялық стационарларда – 36. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 70 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «сары» аймақта.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз