Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 24 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 12 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 2 науқас анықталды.
Инфекция облыстың аудандарында да таралуда: Исатай ауданында – 1, Қызылқоға ауданында – 1, Құрманғазы ауданында – 2, ал Махамбет ауданында – 1 науқас анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 14 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 10 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 11 адам емделді.
Қазір 278 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 112, екінші облыстық ауруханада – 4 пациент,
аудандық инфекциялық стационарларда – 26. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 56 науқас.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «жасыл» аймақта.