COVID-19: Атырау облысының 7,5 мыңнан астам тұрғыны қайта вакциналанды

4422229091d48972bac74c26316b0ce4 1 COVID-19: Соңғы поштадан...

Өңірде тұрғындарды COVID-19-дан қорғау үшін қайта вакциналау жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

23 қарашадан бастап 7 520 жергілікті тұрғын қайта вакциналанды. Бұл 2021 жылғы 1-28 ақпан аралығында «Спутник – V» вакцинасын алған адамдар. Оларға 8 санат өкілдері кіреді: медицина қызметкерлері, мұғалімдер, полиция қызметкерлері, студенттер, жабық мекемелердің, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер, сондай-ақ созылмалы аурулары бар адамдар.

Бұдан басқа, 2021 жылғы 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында Covid-19-ға қарсы егілген адамдар ревакцинацияға жатады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз