whatsapp image 2020 11 19 at 10.25.03 1

«Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдейді» деп уланып қалуға болады

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар
15 / 100

Желіде COVID-19-ды ауыз шаюға арналған сұйқтықтың көмегімен емдеуге болатындығы туралы хабарламалар тарауда.

Ұлыбританиялық ғалымдар осындай қорытынды жасап отыр. Бірақ мұндай ерітіндіні қолданудың нәтижесінде уланып қалуға болады.

whatsapp image 2020 11 19 at 10.25.03

Кардифф медицина мектебі ғалымдарының зерттеулері BioRxiv сайтында жарияланған. Портал растауды немесе терістеуді қажет ететін рецензияланбаған зерттеулердің қорытындыларын жариялауға арналған. Онда ұсынылған ақпарат сенімді деп саналмайды және даусыз фактілер ретінде БАҚ-та келтірілмейді. Бұл туралы сайттың өзінде жазылған.

Айта кетерлік жайт, зерттеушілер in vitro тәжірибелерін, яғни тірі жануар немесе адам ағзасында емес, жасуша дақылында тәжірибелер өткізіп, ауыз қуысын шаюға арналған заттардың бұрын белгісіз болған пайдасы бар деген қорытындыға келді.

Олардың қорытындысын іс жүзінде қалай қолдануға болатыны белгісіз. Ауыз қуысына арналған шайғышты ішу қауіпті. Аздаған дозаның өзі улануға әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, кез келген сұйықтықты ішкен кезде, ол асқазан-ішек жолына түседі және вирус орналасқан өкпеге бармайды.

«stopfake.kz»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған