Атырау «сары аймақта»: Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 93 адам емделіп шықты

0 5 COVID-19: Соңғы поштадан...


  «Соңғы мәліметке сәйкес, қазір 269 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда  75 науқас,  аудандардағы инфекциялық стационарларда 29 адам ем қабылдауда» ,  – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

  Атырау облысында өткен тәулікте 47 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.

Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 18-і Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 26 жұмысшыдан, Исатай-1, Жылыой ауданында 2  адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.

  Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 15-інде  ауру симптомды түрде өтуде.
 Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты, Атырау облысы «сары аймақта» тұр. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз