Біз Елбасымен біргеміз!

2020061812582113226 2020040808120041404 a4oj19ck COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/18 маусым, 2020 жыл. Жаhанды қорқынышқа бөлеген дерт «covid-19» сынамасының Аса Мәртебелі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлынан оң нәтиже көрсеткені кім-кімнің де көңіліне қаяу салып, алаңдатушылық тудыруда.

Осыған орай, Атырау мұнай өңдеу зауытының ұжымы Сіздің деніңізге саулық тілейді, Тәуелсіз елімізді өркендету жолындағы сан тарау қиындықтарға мойымаған ерекше күш жігеріңіздің арқасында бұл қатерлі дертті де жеңіп шығатыныңызға сенімдіміз!
Біз, АМӨЗ жұмысшылары «Әр-адам өз өмірінің күзетшісі» ұранымен індеттің алдын-алу, болдырмау бағытындағы іс-шаралардың орындалуын қатаң бақылауда ұстап, өндірістің толық қуатында жұмыс жасауына ерекше күш жігерімізді жұмсаймыз. Біз ЕЛІМІЗБЕН біргеміз! Біз Елбасымен біргеміз!

Құрметпен, Атырау мұнай өңдеу зауытының ұжымы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз